1 Менің Мәсіхтен үлгі алғанымдай, сендер де менен үлгі алыңдар!
Қауым жиналысында әдеп сақтау туралы
2 Ұдайы мені ойлап, өздеріңе тапсырған ілімдерді дәл сол күйінде ұстанып жүргендерің үшін сендерді мақтаймын.
3 Енді мынаны да білулеріңді қалаймын: әрбір еркектің басы — Мәсіх, әйелдің басы — күйеуі, ал Мәсіхтің басы — Құдай.11:3 Яки: әрбір еркектен Мәсіх, әрбір әйелден күйеуі, ал Мәсіхтен Құдай үстем (3:23; 15:28; Еф 1:22; 5:23).4 Солай болғандықтан, ер адам Құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген11:4 Немесе: пайғамбарлық сөз білдірген (14:3). кезде басын жапса, өз басын (яғни Мәсіхті) құрметтемегені. 5 Ал Құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезінде жалаң бас тұрған әйел өз басын (яғни күйеуін) құрметтемегені. Бұл, шашын тақырлап алып тастағанымен бірдей. 6 Себебі бір әйел басын жапқысы келмесе, онда неге шашын қиып тастамасқа?11:6 Демек, сондай әйелдің еркек болғансығаны. Сол заманда әдетте еркектер шашын алғызып, әйелдер өсіретін (11:14-15). Ал егер әйелдің шашын қиып немесе басын тақырлап тастағаны ұят болса, онда ол басын жапсын.
7 Сонымен ер адам басын жаппау керек: ол Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылып, Оның ұлылығын бейнелейді. Әйел болса, күйеуінің ұлылығын бейнелейді. 8 Себебі еркек әйелден емес, қайта, алғашқы әйел еркектің сүйегінен жасалды. 9 Сондай-ақ еркек әйелге бола емес, әйел еркекке бола жаратылды.11:9 Жар 2:18.10 Сондықтан әйел өкілеттігінің белгісі ретінде басын жауып, періштелер назар аударатын тәртіпті сақтауы керек.11:10 Немесе: Сол себептен және періштелер үшін әйел өз басын (еркектің) өкілеттігінің белгісі ретінде жабуы керек.11 Дегенмен Иемізбен байланысымызда әйел еркектен, еркек әйелден тәуелсіз емес. 12 Алғашқы әйел еркектің сүйегінен жаратылса да, еркек әйелден туады, ал екеуін де жаратқан — Құдай.
13 Өздерің пайымдап, ақылға салыңдаршы: әйелдің басын жаппай Құдайға сиынуы әдепке жата ма? 14 Табиғи түйсіктеріңнің өзі сендерді ұзын шаш еркек үшін ұят екенін үйретпей ме? 15 Ал әйел үшін шашын өсіру оның мақтанышы емес пе? Ұзын шашы әйелге басын жабатын жамылғы ретінде берілген. 16 Егер де біреу бұл туралы айтысқысы келсе, бізде де, Құдайдың өзге қауымдарында да мұндай салт жоқ.
Иеміздің құрбандығын еске алатын ас
17 Төмендегі нұсқауларымда сендерді мақтай алмаймын, себебі жиындарыңның пайдасынан гөрі зияны көп. 18 Біріншіден, араларыңда жікке бөлінудің бар екені туралы хабар алдым, бұның ішінара болса да рас екеніне сенемін! 19 Ал сендердің қайсыларыңның сенімді екендіктеріңді11:19 Немесе: қайсыларыңның сынақтан өтіп, қадірленуге лайық (яки абыройлы) екендіктеріңді (Қор2 10:18; 13:7). анықтау үшін пікір алалығы да қажет. 20 Алайда сендер жиналған кезде шын мәнінде Иеміздің асын11:20 11:23-26; Мат 26:26-29; Мар 14:22-24; Лұқ 22:19-20; Елш 2:42; Түсіндірмедегі «Нан үзу рәсімін» де қараңыз. жемейді екенсіңдер. 21 Әркім өзінің тамағын басқалардан бұрын ішуге асығып, қайсыбіреу аш қалып, басқасы мас болады екен. 22 Ішіп-жеуге өз үйлерің бар емес пе? Немесе Құдайдың қауымын менсінбей, түгі жоқтарды ұятқа қалдырғыларың келе ме? Енді сендерге не десем екен? Осы үшін мақтайын ба? Әрине, мақтамаймын!
23 Мынаны мен Иеміздің Өзінен қабылдап, сендерге де айтып тапсырдым: Иеміз Иса ұсталып берілер түні нанды алып, 24 шүкірлік етті де, үзіп беріп, былай деді: «Бұл — сендер үшін құрбан болмақ денем.11:24 Яки: Бұл нан Менің сендер үшін құрбандыққа бермек денемді білдіреді (Лұқ 22:19). Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!» 25 Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып: «Мына тостаған — төгілмек қаныммен бекітілетін Жаңа Келісім.11:25 Яки: Жаңа Келісімді білдіреді (Лұқ 22:20). Одан ішкен сайын Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!» — деді. 26 Сендер осылай нан жеп, тостағаннан ішкен сайын, Иеміз қайтып келгенше, Оның құрбандық өлімін жариялай бересіңдер.
27 Сондықтан, кімде-кім лайықсыз түрде Иеміздің нанын жеп, тостағанынан ішсе, сол Иеміздің денесі мен қанына қарсы күнә жасайды. 28 Әркім нанды жеп, тостағаннан ішпес бұрын өзін сынасын;11:28 Яки: тостағаннан ішпес бұрын өз ой-ниеті мен іс-әрекетін тексерсін (11:20-22,29-31; Қор2 13:5).29 егер лайықсыз түрде нан жеп, тостағаннан ішіп, Иеміздің денесіне11:29 Немесе: Иеміздің рухани денесіне (яғни қауымға) (Еф 1:22-23). тиісті құрмет көрсетпесе, онда ол өзіне Құдайдың үкімін шығартады. 30 Сондықтан да сендердің көбің әлсіз де аурусыңдар, біразың қайтыс болдыңдар. 31 Егер алдымен өзімізді-өзіміз сынасақ, Құдайдың жазасына ілікпес едік. 32 Ал бізге күнәкар дүниемен бірге қияметте үкім шығармас үшін Тәңір Иеміз бізді қазірдің өзінде тексеріп, жазалауда.11:32 11:30; Нқл 3:11-12; Евр 12:5-11.
33 Сонымен, бауырластар, Иеміздің асына бас қосқанда бәрі жиналғанша күтіңдер! 34 Кімнің қарны ашса, сол үйінен тамақтанып келсін, әйтпесе жиналғанда Құдайдың жазасына ілігіп қаласыңдар. Ал басқа нәрселер туралы өздеріңе барған кезімде нұсқау бермекпін.