Мұқтаждықтағы қауымдарға жәрдем
1 Енді Құдайдың мұқтаждық көріп жүрген (Яһудеядағы) халқына көмек жинау16:1 Елш 24:17; Рим 15:25-26. туралы: Ғалатия өлкесіндегі қауымдарға берген нұсқауларыма сай әрекет жасаңдар. 2 Жексенбі сайын әрқайсыларың жағдайларыңа қарай қолдағы қаражаттарыңнан16:2 Яғни әрқайсыларың Құдайдың рақымымен қолдарыңа түскен табыстарыңнан. бөлектеп, сақтап қойыңдар. Осылайша мен сендерге барған уақытта оларды жинаудың қажеті болмайды. 3 Сол кезде өздерің сәлемдемелеріңді апару үшін таңдап алған адамдарыңа сенімхаттарымды беріп, оларды Иерусалимге шығарып саламын. 4 Егер өзімнің де баруым жөн болса, онда бірге барармыз.
Елшінің жоспарлары, соңғы өтініштері және сәлемі
5 Мен сендерге Македония арқылы сапар шегіп келмекпін. Себебі сол өлкемен өтетін ойым бар. 6 Ал сендерде біраз тоқтап, тіпті қыстап та қалуым мүмкін. Осылай қай жаққа сапарымды жалғастырсам, мені жолға шығарып сала аласыңдар. 7 Себебі қазір жолай соққым келмейді; Иеміз қаласа, біраз уақыт өздеріңмен бірге болсам деп үміттенемін. 8 Алғашқы өнім мейрамына16:8 Яки: Елуінші күн мейрамына (Елш 2:1). дейін Ефес қаласында болмақпын. 9 Өйткені осында өнімді еңбек етуіме есік айқара ашық, ал қарсыластарым да аз емес.
10 Тімоте16:10 4:17; Қор2 1:1; Елш 16:1-3. сендерге келіп жатса, оның араларыңда алаңсыз жүруіне көңіл бөліңдер. Тімоте де мен сияқты Иеміздің ісімен айналысуда. 11 Ешқайсың оны елемей жүрмеңдер,16:11 Сол кезде Тімоте жас әрі момын адам болған сияқты (Тім1 4:12). аман-есен жолға шығарып салып, маған қайтып келуіне жағдай жасасаңдар екен. Тімотенің өзге бауырластарымызбен бірге қайта оралуын күтудемін.
12 Ал бауырласымыз Аполлос16:12 1:12; 3:5,22; Елш 18:24-28; 19:1. болса, оны сендерге баратын бауырластарға ілессін деп әлденеше рет жігерлендірдім, бірақ бұл жолы оның барғысы келген жоқ;16:12 Немесе: Бірақ бұл жолы оның баруына Құдайдың еркі болмай тұр. сәті түскенде барар.
13 Сақ болыңдар, сенімдеріңде берік, ер жүрек әрі күшті тұрыңдар! 14 Бәрін де сүйіспеншілікпен істеңдер!
15 Степан мен оның үй ішін білесіңдер, олар Ахаядағы16:15 Ахая (Ахейя) өлкесі — Грекияның оңтүстік бөлігі (Елш 18:12; 19:21). алғашқы сенушілер арасында болып, өздерін Құдайдың халқына қызмет етуге бағыштап келеді. Бауырластар, сендерден өтінемін: 16 осындай адамдардың және олармен істес болып, қажырлы еңбек етіп жүргендердің жетегіне сендер де еріңдер. 17 Степан, Фортунат және Ахайықтың келгендеріне қатты қуанып қалдым. Олар сендердің жоқ екендіктеріңнің орнын толтырып, 18 мені де, өздеріңді де рухтандырды. Мұндай адамдар шынында да қадірленуге лайық.
19 Азия өлкесіндегі16:19 Азия өлкесі: бүгінгі Түркия елінің батыс жағы, Ізмір қаласының маңайы (Елш 19:10). қауымдар сендерге сәлем жолдайды. Ақила мен Прискила және олардың үйінде жиналатын қауымнан Иемізбен жүрген сендерге дұғай сәлем. 20 Мұндағы барлық бауырластар да сәлем айтуда. Шын жүректен бір-біріңе сүйіспеншіліктеріңді білдіріп,16:20 Немесе: Бір-біріңді қасиетті сүйіспен (яғни шын жүректен бетінен) сүйіп. (Сол замандарда бұл бір-бірін шынайы қадірлеп, жақсы көрудің сыртқы белгісі болатын: Пат1 10:1; 20:41; Нқл 7:13; Елш 20:37; Рим 16:16.) сәлемімізді жеткізіңдер. 21 Енді мен, Пауыл, сәлемімді өз қолыммен жазып отырмын.
22 Иемізді сүймейтін әркімді Құдайдың қарғысы атпақ.16:22 Яки: Иемізді сүймейтін, Оған бағынбайтын әркім Құдайдың қаһарына ұшырайды (Жох 3:36; Ғал 1:8-9); немесе: қауымнан аластату керек (5:5). Иеміз, келе гөр!16:22 Түпнұсқа тілінде: Мараната!23 Сендерге Иеміз Иса Мәсіх жар болып, рақымын жаудыра көрсін! 24 Менің сүйіспеншілігім Мәсіх Исамен байланысқан бәріңмен бірге. (Аумин.)