24 шүкірлік етті де, үзіп беріп, былай деді: «Бұл — сендер үшін құрбан болмақ денем.11:24 Яки: Бұл нан Менің сендер үшін құрбандыққа бермек денемді білдіреді (Лұқ 22:19). Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!» 25 Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып: «Мына тостаған — төгілмек қаныммен бекітілетін Жаңа Келісім.11:25 Яки: Жаңа Келісімді білдіреді (Лұқ 22:20). Одан ішкен сайын Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!» — деді. 26 Сендер осылай нан жеп, тостағаннан ішкен сайын, Иеміз қайтып келгенше, Оның құрбандық өлімін жариялай бересіңдер.
27 Сондықтан, кімде-кім лайықсыз түрде Иеміздің нанын жеп, тостағанынан ішсе, сол Иеміздің денесі мен қанына қарсы күнә жасайды. 28 Әркім нанды жеп, тостағаннан ішпес бұрын өзін сынасын;11:28 Яки: тостағаннан ішпес бұрын өз ой-ниеті мен іс-әрекетін тексерсін (11:20-22,29-31; Қор2 13:5).