22 яғни Адам атамен байланыстағылардың бәрі өлуге тиіс болғанындай, Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі де тіріледі.
23 Барлығы өз кезегімен: алғашқысы ретінде Мәсіх тірілді. Ал кейін, Ол қайтып келгенде, Оның қарамағындағы адамдар да тіріледі.15:23 6:14; 15:20,52; Елш 26:23; Сал1 2:19; 4:16.24 Мұнан соң бәрінің ақыры15:24 Яғни Мәсіхтің әлемді Құдай Әкеге қайтадан бағындырған ісінің ақыры. болады: Мәсіх қарсы тұратын күллі билік пен күш атаулыны жойып жіберіп, өз Патшалығын Құдай Әкесіне тапсырады. 25 Құдай «барлық жауларын Оның табанының астына салып бергенше», Мәсіх билік жүргізуге тиіс.15:25 (15:27; Жыр 109:1; Мат 22:44) Немесе: Мәсіх барлық жау атаулыны жеңіп, өз аяғына жыққанша, Патшалық құруға тиіс.