3 Менің қабылдап алып, сендерге жеткізген ең басты хабарым мынау болды: Киелі жазбаларда алдын ала айтылғандай, Мәсіх біздің күнәларымыздың құнын өтеу үшін жанын құрбан етті. 4 Осы жазбалардың тағы алдын ала айтып кеткеніндей, Мәсіх қабірге қойылып, үшінші күні қайта тірілді. 5 Ол Кефаға (яғни Петірге), содан кейін он екі елшінің бәріне көрінді.15:5 Бұлардың ішінде Матия да болды (Лұқ 24:33-36; Елш 1:21-26). Кефа (Шимон Петір): Жох 1:42.6 Мұнан соң Оны бес жүзден аса бауырластарымыз да бір мезгілде өз көздерімен көрді: олардың көпшілігі әлі тірі, біразы ғана қайтыс болды.
Publicidade