Мәсіхтің құрбандығы туралы уағыз
1 Сондықтан да, бауырластарым, мен сендерге келіп, Құдайдың шынайы хабарын2:1 Яки: Құдайдың құпия хабарын. уағыздаған кезде шешен сөздер және дана пікірлер қолданған жоқпын. 2 Сендерге Иса Мәсіх пен Оның айқыштағы құрбандық өлімінен басқа нәрселер туралы айтпауға шешім қабылдаған едім. 3 Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым. 4 Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. 5 Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы.2:5 1:17; 3:6; Қор2 4:7; 6:7; 12:9.
Киелі Рух сыйлайтын шынайы даналық
6 Дегенмен, біз рухани жетілгендерге даналық туралы хабарды уағыздай береміз. Ал бұл даналық осы күнәкар дүниенікі емес, сондай-ақ, осы дүниелік билеушілердікі де емес; солар — болашақта құрып кететіндер. 7 Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын. 8 Бұны осы дүниелік билеушілердің біреуі де ұққан емес; ұққан болса, олар Ұлылықтың Иесін2:8 Яки: ұлы Иеміз Иса Мәсіхті. айқышқа шегелетіп өлтіртпес еді.
9 Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған.2:9 Иш 64:4; 65:17; Жыр 30:20; Жох 3:16; Мат 25:34; Жақ 1:12; 2:5.10 Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді.
Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар.2:10 Жох 14:26; Еф 3:3,5; Рим 11:33-36.11 Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой-мақсаттарын да Оның Киелі Рухынан басқа ешкім білмейді. 12 Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. 13 Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз.2:13 Немесе: рухани шындықты рухани тілмен білдіріп түсіндіреміз.
14 Өз еркімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды. Себебі оны Киелі Рухтың тұрғысынан бағалау керек. 15 Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды. 16 Өйткені «Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған?»2:16 Иш 40:13; Рим 11:34. (деп жазылған). Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар.2:16 Немесе: Біз жағдайларға Мәсіхтің тұрғысынан қараймыз. (Кім Оның сүйіспеншілігі мен кішіпейілділігіне кенелсе, басқалардың ой-мақсаттарын тереңірек түсіне алады.)