7 «Ескі ашытқыдай» (күнә атаулыны) араларыңнан шығарып тастаңдар! Сонда «жаңа қамырдай» рухани таза боласыңдар.5:7 Құтқарылу мейрамының қарсаңында Исраил халқы үйлерін ашытқы атаулыдан тазартуға тиіс болатын (Мыс 12:3-8; 13:3-7; Түсіндірмедегі «Құтқарылу мейрамын» да қараңыз). Өйткені Құтқарылу мейрамына құрбандыққа шалынған тоқтылар іспетті, Мәсіх біздер үшін өмірін құрбан етті. Сол арқылы сендер жаңа, пәк таза адам болдыңдар.5:7 6:11; Қор2 5:17.
Publicidade