Некелесу мен үйленбеу жайында
1 Ал енді маған жазғандарыңа тоқталайын. «Еркектердің әйелдерге жоламағаны жақсы» дейтіндерің бар екен. 2 Ал азғындықтан сақтану үшін7:2 Немесе: азғындық кеңінен таралғандықтан (6:9-11). әр еркектің өз әйелі, әр әйелдің өз күйеуі болсын. 3 Күйеуі әйеліне, ал әйелі күйеуіне тиісті ықылас көрсетулері керек. 4 Себебі әйелдің денесі өзінің ғана емес, күйеуінің де билігінде; дәл солай күйеуінің денесі өзінің ғана емес, әйелінің де билігінде. 5 Егер біраз уақыт үздіксіз Құдайға сиынуға7:5 Немесе: біраз уақыт ораза ұстап Құдайға сиынуға. алдын ала келісіп алған болмасаңдар, бір-біріңнен бас тартпаңдар! Содан кейін тағы бірге болыңдар, әйтпесе өздеріңе ие бола алмай, әзәзіл шайтанның азғыруына ерулерің мүмкін.