12 Басқа жұптарға Иеміз емес, өзім7:12 Демек: Осында Пауыл Иеміз Мәсіхтің арнайы бұйрығымен емес, Оның Киелі Рухының өзін жетелеуімен нұсқау береді (7:6,25,40). былай деймін: бір бауырласымыздың әйелі Мәсіхке сенбейтін кісі болса және әйелі онымен бірге қалуға келіссе, онда ол ажыраспауға тиіс. 13 Сол сияқты, сенуші әйелдің сенбейтін күйеуі онымен бірге қалуға келіссе, онда әйелдің де ажырасуына болмайды. 14 Себебі сенбейтін еркек сенуші әйелінің арқасында және сенбейтін әйел сенуші күйеуінің арқасында Құдайдың қасиетті әсерінің аясында болады. Әйтпесе балаларың құдайсыздардың балалары іспетті болар еді. Керісінше, олар да Құдайдың қасиетті әсерінің аясында.
Publicidade