8 Үйленбегендер мен жесірлердің мен сияқты салт басты болып қала бергені жақсы деймін. 9 Ал егер өздеріне ие бола алмаса, онда үйленсін. Себебі құмарлықтың отына күйіп-жанғанша, үйленгендері жақсы.
10 Үйленгендерге мен ғана емес, Иеміздің Өзі: «Әйелі күйеуінен ажыраспасын!» — деп бұйырады.7:10 Мат 19:4-6; Мар 10:6-9.11 Ал егер ажырасып кетсе, онда салт басты болып қала берсін, не күйеуімен қайта татулассын! Күйеулер де әйелдерінен ажыраспасын!