24 Жарысқа түскен жүйріктердің бәрі жүгіріп, біреуі ғана жүлдеге ие болатынын білесіңдер. Сендер де «жүлдеге» ие болатындай Мәсіхтің жолымен «жүгіріңдер»! 25 Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі9:25 Сол кезде жарыс жеңімпазының басына жүлде ретінде лавр жапырағынан өрілген тәж гүлдесте, яғни шір, кигізетін. Ол кейін, әрине, солып, қурап қалатын (Тім2 2:5). ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»! 26 Сондықтан мен мақсатсыз жүгіріп жүрген жоқпын, жұдырығымен ауаны босқа ұрған боксшы сияқты да емеспін. 27 Қайта, басқаларды рухани күреске шақырған мен «жүлде» бөліскенде құр алақан қалмау үшін,9:27 Немесе: басқаларға уағыздаған мен лайықсыз болмас үшін (9:24; Флп 3:14; Қол 2:18; Мат 23:4). тәнімді ауыртпалықтарға душар еткізіп, өзіме бағындырып жатырмын.
Publicidade