Pular para o conteúdo
Publicidade

Жоханның 1-хаты 2

Құдайды білгендер, Ізгі хабарға сай таза өмір сүріңдер!

12 Балаларым менің, Исаның құрбандығы арқасында күнәларың кешірілгендіктен сендерге осыны жазып отырмын.

13 Рухани жағынан әке болғандар,2:13 Яки: Рухани өмірлерінде жетіліп, мол тәжірибеге ие болғандар. өздеріңе осыны жазып отырмын, өйткені сендер әуел баста бар болған Мәсіхті білесіңдер.

Рухани жағынан жастар, өздеріңе осыны жазып отырмын, өйткені сендер әзәзілді жеңіп шықтыңдар.

Рухани жағынан балалар, өздеріңе осыны жаздым, өйткені сендер көктегі Әкені білесіңдер.

14 Әке болғандар, өздеріңе осыны жаздым, себебі сендер әуел баста бар болған Мәсіхті білесіңдер.

Жастар, өздеріңе осыны жаздым, өйткені сендер күштісіңдер, әрі Құдайдың сөзі жан дүниелеріңнен орын алып, әзәзілді жеңіп шықтыңдар.

15 Осы күнәлі дүниені2:15 2:16-17; Жох 15:18-19; Жақ 4:4. және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілігі жоқ.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também