20 Киелі Құдай сендерге Өзінің Рухын қондырғандықтан барлығын ажырата білесіңдер.2:20 Немесе: Киелі Құдай сендерді май жағу рәсімінен өткізді, әрі сендер шындықты (яки: шынайы ілімді) білесіңдер. (Май жағу рәсімі осында Киелі Рухтың сенушіні кенелтуін астарлап білдіреді: 2:27; Иш 61:1; Лұқ 3:21; 4:18; Жох 15:26; 16:13; Елш 10:38; Түсіндірмені де қараңыз.)
27 Ал сендерге келсек, Құдайдан алған Киелі Рух2:27 2:20; Жох 14:26; 15:26; Қор2 1:21-22. өздеріңде қалады. Сол себептен сендерге жаңа ілім үйрететін біреудің қажеті жоқ, өйткені қажеттілердің бәрін де Киелі Рух үйретеді. Оның сендерге үйреткендері еш өтіріксіз, шынайы, сондықтан Киелі Рухтың үйреткені бойынша әрекет ете беріңдер.2:27 Немесе: Киелі Рухтың үйреткені бойынша Онымен байланыста бола беріңдер (Жох 14:23,26; 15:4-5,16).