Күнә мен арамдықтан тазару
1 «Сол күні Дәуіттің әулеті мен Иерусалимнің тұрғындарына оларды күнә мен арамдықтан тазартатын қайнар көз ашылады».
2 Әлемнің Иесі тағы мынаны жариялайды: «Сол күні Мен елдегі жалған тәңір аттарын өшіремін. Оларды енді қайтып ешкім есіне алмайтын болады. Мен, сондай-ақ, елден жалған пайғамбарларды да, арамдықтың рухын13:2 Немесе: жындарды (арам рухтарды) (Пат1 16:14). да аластатамын.
3 Егер қайтадан бір пайғамбар пайда болса, туған әке-шешесі оған: «Жаратқан Иеден келген хабар деп өтірік айтып жүргендіктен сен өлуге тиіссің!» деп сақтандырады.13:3 Заң 13:6-11. Ал егер жалған пайғамбарлық сөз айтып тұрса, әке-шешесі оны түйреп өлтіреді. 4 Сол күні адамдар аян13:4 Яки: көрініс. көріп, жалған пайғамбарлық сөз айтудан ұялатын болады. Ешкім де енді қайтып жұртты алдау үшін пайғамбардың түйе жүн шапанын13:4 Пат3 19:13,19; Пат4 1:8; Иш 20:2. кимейтін болады. 5 Керісінше, әрқайсысы: «Жоқ, мен пайғамбар емеспін, жер өңдеуші диқанмын. Жастайымнан басқа адам үшін жер өңдеп келемін!» дейтін болады. 6 Егер біреу одан: «Мына көкірегіңдегі13:6 Немесе: екі қолыңның арасындағы жарақаттарың. не қылған жарақаттар?» деп сұраса, ол: «Бұл жарақаттар маған өз достарымның үйінде салынды», деп жауап береді».
Бақташысының өлтіріліп, отарының шашырап кетуі
7 — Ей, семсер, Менің бақташыма, өз серігіме, қарсы шық! — дейді Әлемнің Иесі. — Бақташыны ұрып өлтір, сонда отарындағы қойлары бытырап кетеді. Мен төлдеріне де қол жұмсаймын.
8 Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Бүкіл елде халықтың үштен екісі соққы жеп қырылады, ал үштен бірі тірі қалады. 9 Мен осы үштен бір бөлікті отқа салып, күмісті балқытып тазалағандай тазартамын, әрі алтынды отта сынағандай сынаймын. Олар Менің атымды атап Маған дұға етеді. Сонда оларға жауап беремін. Мен: «Бұл — Менің халқым», — деп, олар: «Жаратқан Ие — біздің Құдайымыз», — дейтін болады.