Үшінші көрініс: Иерусалимнің көлемін өлшеуші
1 Мен қайтадан жоғары қарағанда қолында өлшеуіш жібі бар біреуді көрдім.
2 Мен одан:
— Қайда бара жатырсыз? — деп сұрадым. Ол:
— Иерусалимнің ені мен ұзындығын білу үшін оны өлшеуге бара жатырмын, — деп жауап берді. 3 Менімен сөйлескен періште сол кезде алға қарай беттеді. Сонда басқа бір періште оған қарсы кездесті. 4 Бұл оған былай деді:
— Ана жас жігітке тездетіп барып мынаны айт: Иерусалим малы мен адамы көп болғандықтан қамал қабырғасы жоқ, ашық қала сияқты болады! 5 «Мен Өзім әрі қаланың айналасындағы жалындаған отты қабырғасы,2:5 8:9; Иш 4:5; 26:1; 60:18. әрі оның ішіндегі нұрлы салтанаты2:5 2:10-11; Пат2 8:10-11; Иш 60:19; Хақ 2:9. іспетті боламын», — деп уәде береді Жаратқан Ие.
Жер аударылған халыққа арналған үндеу
6 «Уа, халайық, дайындалып, жолға шығыңдар! Солтүстіктегі елден2:6 Яғни Бабыл патшалығының кең-байтақ аймақтарынан. Бабыл әскері солтүстіктен аттанып келіп, Яһуда елін жаулап, халқын жер аударған еді (Ерм 6:1,22; 52:4-7,24-30). қашып кетіңдер! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Себебі Мен сендерді дүниенің шартарабына шашыратып жіберген едім. 7 Уа, Сионның халқы, Бабыл халқымен бірге тұрып жатқан сендер сол елден қашып кетіңдер!» 8 Себебі бір даңқты кезеңнен кейін Әлемнің Иесі мені өздеріңді тонаған халықтарға жіберіп,2:8 Осы жіберілген тұлғаның Жаратқан Иенің періштесі болғаны ықтимал (1:8,11; 2:9). мынаны айтты: «Кім сендерге тиіссе, соның Менің көзімнің қарашығына тиіскені! 9 Мен таяуда оларға қарсы қолымды созбақпын. Сонда оларды өз құлдары тонайтын болады».2:9 Ежелде Мысырда болғандай (Мыс 12:35-36). — Сол кезде сендер Әлемнің Иесінің мені жібергенін анық білетін боласыңдар.
10 «Қуана ән салып шаттаныңдар, уа, Иерусалимнің халқы! Мен сендердің араларыңда тұруға келе жатырмын! — деп уәде етеді Жаратқан Ие. — 11 Сол күні көптеген ұлттар Менімен тығыз байланысқа түсіп, Менің халқым болады. Мен сендердің араларыңда тұрамын». — Сол кезде сендер мені өздеріңе жіберген Әлемнің Иесі екенін анық білетін боласыңдар. 12 Жаратқан Ие Яһуданы Өзіне бағышталған қасиетті еліндегі айрықша үлесі2:12 Мыс 19:5; Жыр 32:12; Заң 32:9; Ерм 10:16. ретінде қабылдап, Иерусалимді (өз қаласы болуға) қайтадан таңдап алады. 13 Бүкіл адамзат Жаратқан Иенің алдында тынышталсын! Ол Өзінің киелі тұрағынан шығып, әрекет етіп жатыр.2:13 Яғни Ол жау елдерін соттап жазалауға кірісті (2:8-9).