Төртінші көрініс: бас діни қызметкер Ешуаның ақталуы
1 Бұдан кейін періште маған Жаратқан Иенің періштесінің алдында тұрған бас діни қызметкер Ешуаны3:1 6:11. көрсетті. Ал шайтан3:1 Яки: айыптаушы (Әйүп 1:9-11; Шеж1 21:1). Ешуаны айыптау үшін оның оң жағында тұрды. 2 Жаратқан Ие шайтанға: «Саған Жаратқан Ие тыйым салады, шайтан! Иә, Иерусалимді таңдап алған Жаратқан Ие саған тыйым салады! Осы адам жанып кетпей тұрып от ішінен құтқарылып алынған3:2 Яғни Бабылдағы тазартатын азап отынан өтіп құтқарылған (13:8-9; Заң 4:20; Иш 48:10; Амо 4:11). отындық ағаш сияқты емес пе?» — деп зекіді.
3 Ешуа періштенің алдында ластанған киіммен тұрды. 4 Ал періште өзінің алдында тұрғандарға:3:4 Яки: өзінің алдында тұрған өзге періштелерге (3:7). «Оның лас киімдерін шешіп тастаңдар!» — деп тапсырды. Ешуаға қарап ол: «Мен сенің кінәңді алып тастадым. Енді саған салтанатты киім кигіземін», — деді. 5 Сонда мен: «Оның басына таза сәлде кигізіңдер», — деп өтіндім. Олар оның басына таза сәлде, үстіне арнайы киімдер кигізді. Осы кезде Жаратқан Иенің періштесі жанымызда тұрды. 6 Одан кейін Жаратқан Иенің періштесі Ешуаға ескертіп былай деді:
7 — Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Егер де сен Менің жолыммен жүріп, тапсырмаларымды орындайтын болсаң, онда сен Менің киелі үйіме жетекшілік етіп, оның аулаларын да басқаратын боласың, әрі Менің осында тұратын сенімді қызметшілерімнің арасында жүруіңе болады.
8 Уа, бас діни қызметкер Ешуа және алдыңда отырған серіктестерің, тыңдаңдар! Сендердің барлығың болашақтағы кереметтің бейнесісіңдер. Біліп алыңдар: Мен Өзімнің «Өскін» деп аталатын Қызметшімді3:8 Яғни Мәсіхті (Иш 11:1; 42:1-4; 43:10; 53:2,11; Ерм 23:5-6; 33:15-16; Пат2 7:16; 23:5). алып келемін.
9 Мен Ешуаның алдына қойған асыл тас,3:9 Жыр 117:22-23; Иш 28:16; Дан 2:34-35,45. міне, мынау: оның жеті3:9 Киелі кітаптағы «жеті» саны кемелділікті білдіреді (4:10). қыры бар. Мен тасқа сөздерімді қашап жазып, осы елдің күнәсін бір-ақ күнде алып тастаймын,3:9 3:4; 12:10; Иш 53:4-12; Жох 1:29; 19:30; Рим 3:25. — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — 10 Сол күні сендердің әрбіреуің (көріп жатқан игіліктерімен бөлісу үшін) көршісін өзінің жүзім бұтасы мен інжір ағашының түбінде отыруға шақыратын болады», — деп нық айтады Әлемнің Иесі.