Pular para o conteúdo
Publicidade

Зәкәрия 12

Иерусалимнің жауларының күйреуі

1 Мынау Жаратқан Иенің Исраил елі жайлы айтқан ауыр хабары: Аспанды жайып жіберіп, жердің негізін қалаған,12:1 Жар 1:1,6-8; Жыр 103:2,5; 101:26; Иш 42:5; Ерм 10:12; 51:15. адамның денесінде рухын қалыптастырған Жаратқан Ие мынаны айтады: 2 «Біліп қойыңдар, Мен Иерусалимді айналасындағы елдерді теңселдіретін ішімдікке толы тостаған іспетті қыламын.12:2 Иш 51:17; 63:6. Жаулар Иерусалиммен бірге Яһуда елін де қоршауға алмақ. 3 Сол күні Мен Иерусалимді барлық халықтар үшін зіл қара тас іспетті қыламын: оны көтеремін дегендердің бәрі де өздерін зорықтырып алатын болады. Сол кезде жер бетінің күллі халықтары оған қарсы жиналып келетін болады.

4 Сол күні Мен әрбір атты қатты үрейлендіріп, оған мінгенді есінен адастырамын, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Мен Яһуда елін қырағы күзетіп, оған қарсы келген халықтардың соғыс аттарын соқыр қылып тастаймын. 5 Сонда Яһуданың рубасылары іштей былай дейтін болады: «Иерусалимнің тұрғындары — біздің қуатымыз, өйткені Әлемнің Иесі — олардың Құдайы!»

6 Сол күні Мен Яһуданың рубасыларын отынның арасындағы шоқ салғыштай, яки астық бауларының арасында жанып жатқан алаудай етемін. Олар айналадағы барлық халықтарды өртейтіндей жалмайды. Бірақ Иерусалимнің халқы қайтадан аман-есен өз мекенінде тұратын болады.

7 Сонда Дәуіттің әулеті мен Иерусалимнің тұрғындарының атақ-даңқы Яһуда елінің атақ-даңқынан асып кетпесін деп Жаратқан Ие алдымен Яһуданың елді мекендерін құтқарады. 8 Сол күні Жаратқан Иенің Өзі Иерусалимде тұратындарды қорғайды. Сол себепті олардың арасындағы ең әлсіз дегені Дәуіттей мықты болады. Ал Дәуіттің әулеті оларды Құдайдың Өзіндей, Жаратқан Иенің періштесіндей бастап алып жүреді.12:8 Мыс 13:21; 14:19; 23:20.9 Сол күні Мен Иерусалимге тап беретін барлық халықтарды құртуға кірісемін».

Халықтың өздері түйреп өлтірген Иесін жоқтауы

10 «Мен Дәуіттің әулеті мен Иерусалимнің халқына мейірім мен мінажат ету рухын дарытамын.12:10 Немесе: рақым мен мінажат (етуге жетелейтін) Рухты төгемін. Сонда олар өздері түйреген Кісіге12:10 Немесе: Маған. қарайтын, әрі жалғыз ұлын жоқтағандай, жоқтау айтатын болады. Олар тұңғышы қайтыс болғандай, Ол туралы қатты күйініп, қайғыратын болады. 11 Сол күні Иерусалимдегі жоқтау Мегидо жазығындағы Хадад-Римонда болған жоқтау сияқты өте қатты болмақ.12:11 Шеж2 35:22-25.12 Сонда бүкіл ел, әрбір әулет өз алдына, ер адамдар мен әйелдер бөлек-бөлек қайғырады: Дәуіттің әулеті өз алдына, (оның ұлы) Натанның әулеті өз алдына,12:12 Пат2 5:14; Лұқ 3:31.13 Леуінің әулеті өз алдына, (Леуіден тараған) Шимейдің әулеті өз алдына.12:13 Мыс 6:16-17; Рул 3:17-18.14 Аман қалған әулеттердің барлығы да, ер адамдары мен әйелдері бөлек-бөлек, қайғыратын болады».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também