1 Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да!3:1 2:29; 3:2,9-10; 5:19; Жох 1:12; 3:5,15; Еф 2:1,4-5,8-9. Осы күнәлі дүние кім екенімізді білмейді, себебі ол Құдайды білген жоқ. 2 Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз.
Publicidade