23 Рухани қайта туылып, жаңа өмірге иесіңдер ғой. Бұл шіріп кететін табиғи тұқым арқылы жүзеге асқан жоқ. Қайта, сендер ешқашан құрымайтын «рухани тұқым» — Құдайдың өмір беретін мәңгілік сөзін1:23 Яки: мәңгілік Ізгі хабарын. қабылдағанда, қайта туылып жаңа өмірге ие болдыңдар.1:23 1:3.
24 Күллі пенде атаулы көк шөп секілді!
Бар салтанаты дала гүліндей өткінші:
Шөп сарғайып қурап, гүл солады,
25 Ал Жаратқанның сөзі мәңгі қалады!1:25 1:23; Иш 40:6-8; Жыр 118:89.
Сендерге уағыздалған Ізгі хабар — Құдайдың осы мәңгілік сөзі.