18 Мәсіх те әділ бола тұра, әділетсіздер үшін азап шекті. Ол бізді Құдаймен табыстыру үшін күнәларымызға бола біржола құрбан болды. Сонда Мәсіх тәнінде өлтірілді, ал рухани денемен қайта тірілді.3:18 Яки: Киелі Рухтың құдіретімен қайта тірілді (Қор1 15:42-45; Лұқ 23:46; Рим 8:11).
19 Осы рухани денесімен Мәсіх о дүниеге де барды. Ол сол жерде, өлген адамдардың жандары қамалған орында, оларға Өзінің жеңісін жариялады.3:19 Немесе: Ол ежелде Киелі Рухпен (Нұх пайғамбар арқылы) адамдарға барып, уағыз айтқан болатын. Олардың жандары (яки аруақтары) қазір о дүниедегі қамауда.