Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 9

Дәуіттің Ұрпағының ізгілікті патшалығы туралы уәде

1 Забулон мен Нафталимнің отанын

Иеміз бұрыннан масқараға ұшыратқан.9:1 Ассур патшасы Тиғлат-Пеләсер ІІІ (б.з.д. 734 және 732 жж.) солтүстік Исраилдегі осы екі рудың жерін басып алып, елдің өзге бөлігінен бұрын өз отарына айналдырып, басқа ұлт адамдарын сонда қоныстандырған еді (Пат4 15:29).

Ал болашақта осы бір аймақты —

Теңізге баратын жол бойындағы

Әрі Иорданның батыс жағындағы

Бөтен ұлттар тұрған Ғалилея аймағы

Зор абыройға бөлейтін болады!

2 Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді,

Ал енді бір ғаламат Нұрды көреді,

Түнек басқан жерде9:2 Яки: өлім көлеңкесінде. Немесе: үмітсіздік жайлаған жерде. тұратын елге

Таңның шапағы сәулесін төгуде!

3 Уа, Ием, Сен санын көбейтіп халқыңның,

Оған үлкен қуаныш та сыйлайсың.

Адамдар өнім жинау маусымында,

Не жау олжасын бөлісіп алғанда

Қатты қуанатындары сияқты,

Халқың шаттанады Сенің алдыңда.

4 Себебі Сен өз ата-бабаларын

Ежелде Мадиянның зорлығынан

Шексіз құдіретіңмен құтқарғансың!9:4 Құдай сол кезде Исраилдің Гедеон батыры мен үш жүз-ақ жасақшыларына Мадиянның сансыз көп жауынгерлерінің үстінен жеңіс сыйлады (10:26; Бил 7:16-22).

Енді тағы да меншікті халқыңның

Еңсесін басқан езгіні құртасың,

Арқасын ұрып-соққан жау сойылын,

Қатал қанаушының асатаяғын

Біржола сындырып, жойып тастайсың!

5 Әскердің жер таптаған етіктері

Әрі қанға малынған киімдері

Енді өртелуге белгіленеді,

Бәрі де отқа жем болып кетеді.

6 Себебі Сәби дүниеге келді,

Біз үшін осы Ұл сыйға берілді!

Билік Оның қолында қала береді:9:6 Яки: Билік Оның мойнында қала береді! (22:21-22; Жыр 2:6-12; 109:1-3).

Ол «керемет ақылды Кеңесші,9:6 Яки: керемет (таңғажайып) ақылды шешімдер қабылдаушы Көсем.

Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке,

Тыныштықты9:6 Яки: Тыныштық пен амандықты. сыйлайтын Әмірші»

Деп те аталатын болады.

7 Оның құрған билігі арта түсіп,

Орнатқан тыныштығы шексіз болады,

Өзі Дәуіттің тағына отырып,9:7 11:1.

Мәңгі патшалығын сол кезден бастайды,

Әділдікпен нығайтып, жалғастырып,

Ақиқатты да ұстанатын болады.

Барлық қайрат-жігерімен9:7 (37:32; 59:17) Немесе: (Өз халқына деген шексіз сүйіспеншілігі әрі) қызғанышымен. бұларды

Әлемнің Иесі іске асырады!

Жауыз да асқақ Солтүстік Исраилдің жазалануы

8,9 Жасаған Ие Жақыптың үрім-бұтағына үкім шығарды, әрі бұл шешімін олардың арасында жүзеге асырады. Солтүстік Исраилдің9:8-9 Яки: Ефремнің (7:2). бүкіл халқы, Самария қаласының әрбір тұрғыны мұны ұғынатын болады. Олар өркөкіректеніп, менменсіп: 10 «Саман үйлеріміз құлады, бірақ біз қашалған тастан қалап мықтылап қайтадан үй саламыз! Тұт ағаштарымыз кесіліп тасталды, бірақ орнына әлдеқайда құнды балқарағайлар отырғызамыз!» — деп, қиқарлық көрсетіп келді.

11 Алайда Жаратқан Ие Ресин патшаның жауларын күшейтіп, Солтүстік Исраилге қарсы 12 шығыстан Араманы, батыстан філістірлерді аттандырды.9:12 Яки: шығыстан арамалықтарды, батыстан філістірлерді арандатты (Амо 1:3,6; Шеж2 28:5,18,20). Олар Исраилді жалмап қоюға құнығып, ауыздарын арандай ашты.

Соның өзінде Жаратқан Иенің қаһары әлі де басылған жоқ, Оның құдіретті қолы жазалау үшін көтеріліп тұр!

13 Алайда осы халық өзін жазалаған Әлемнің Иесіне қайтадан бет бұрып, Оның еркін білуге ұмтылған жоқ. 14 Сол себепті бір-ақ күн ішінде Жаратқан Ие Исраилдің басы мен құйрығын, оның үлкенді-кішілі барлығын9:14 Немесе: оның (жоғарыдағы) құрма бұтақтары мен (төмендегі) қамысын (19:15). да шауып тастайды: 15 рубасылар мен атақтылар — елдің басы, ал құйрығы — жалған тәлім беруші көріпкелдер. 16 Бұл халықты өз жетекшілері адастырады. Соларға еріп жүргендер теріс жолға азғырылады.9:16 Немесе: құрдымға кетіп, тозаққа түседі.17 Сондықтан Жасаған Ие осы халықтың жас жігіттерін аямайды, жетім-жесірлеріне де жаны ашымайды. Себебі бәрі де арсыз зұлымдар, ауыздарынан шыққан сөздері өтірік!

Алайда Жаратушының қаһары әлі де басылған жоқ, Оның құдіретті қолы жазалау үшін көтеріліп тұр!

18 Расында адамдардың әділетсіздігі от іспетті лаулап жанып, тікенді бұталарды әрі жантақ, ошағанды жалмап, ну орманды да өртеп жібереді. Түтін бағаналары зәулім биікке дейін көтеріледі. 19 Әлемнің Иесінің лаулаған қаһарынан жер өртеніп, халық отқа жем болады. Сонда адамдар жақындарын да аямай, әркім өз қара басын ғана қорғайды. 20 Олар оңды-солды тапқандарын жалмап жеп жатса да, көрген аштығының беті қайтпайды. Адам тіпті өз қандастарын да жалмап,9:20 Немесе: Адамдар тіпті өз қолының етін жеуге дейін аштық көріп.21 Манаса Ефреммен, Ефрем Манасамен соғысып,9:21 Яки: Ефрем мен Манаса өзара соғысып. (Екеуі де Жүсіптің ұлдарынан тараған ағайынды рулар: Жар 41:50-52; 48:8-16.) содан екеуі бірігіп Яһудаға шабуыл жасайды.

Соның өзінде Жаратушының қаһары әлі де басылған жоқ, Оның құдіретті қолы жазалау үшін көтеріліп тұр!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também