Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 20

Пайғамбардың Мысыр мен Құштың жеңілуін бейнелеп көрсетуі

1 Ассур патшасы Саргон өзінің бас қолбасшысын філістірлердің Азот қаласына қарсы аттандырды. Қолбасшы шабуыл жасап, қаланы басып алды. Сол жылы20:1 Осы жылдың б.з.д. 711 ж. болуы ықтимал.2 Жаратқан Ие Амос ұлы Ишаяға тіл қатып былай деді: «Азалы киіміңді20:2 Яки: Жүннен тоқылған киіміңді (Пат4 1:8; Зәк 13:4). және аяқкиіміңді шешіп таста!» — Ишая солай істеп, сырт киімсіз20:2 Яғни тек бел орауыш тағып алып (20:4; Пат2 10:4; Шеж2 28:15; Мих 1:8). жалаң аяқ жүрді.

3 Кейін Жаратқан Ие осы тапсырмасын былай деп түсіндірді: «Менің қызметшім Ишая үш жыл бойы сырт киімсіз, жалаң аяқ жүрді. Бұл — Мысыр мен Құш20:3 18:1. елдерінің басына түсетін азапты жайды алдын ала білдірген белгі. 4 Ассур патшасы сол кезде Мысыр мен Құштан тұтқындағандарын осылайша айдап әкетеді. Жасы бар, кәрісі бар, олар сырт киімсіз, жалаң аяқ, арттары ашылған күйі жер аударылады. Содан Мысыр әбден масқараланады. 5 Құшқа сенім артып, Мысырды мақтан тұтқандар үрейленіп, ұятқа қалады».20:5 30:1-5; 31:1-3.6 Осы уақыт жеткенде теңіз жағалауын мекендегендер былай дейтін болады: «Бізді Ассур патшасынан қорғайды деп сенген Мысыр мен Құш елдеріне не болғанын қараңдар! Онда біз қалайша аман қаламыз?!»

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também