Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 4

1 Сол күн туғанда әрбір ер адамға жеті әйел жармасып, оған: «Нанымызды өзіміз тауып жеп, киімімізді өзіміз тауып киеміз. Тек күйеуіміз болып, масқаралықтан арылта көріңіз!» — деп жалынып-жалбарынады.

Иерусалимнің болашақ даңқы

2 Сол күндері Жаратқан Ие өсіріп шығарған «Жас Өскін»4:2 Яғни Яһуда халқының жас ұрпағы (60:21). Немесе: Исраилдің ежелгі патшасы Дәуіттің ұрпағы (11:1; 53:2; Ерм 23:5; Зәк 6:12). салтанатты да қадірлі болады. Исраил халқының қырғыннан тірі қалғандары осы жердің өнімін мақтан тұтып, даңққа кенеледі. 3 Сонда Сионда тірі қалып, Иерусалимде өмір сүру үшін тізімге тіркелген әрбір адам Құдайға бағышталған қасиетті деп аталады. 4 Себебі Жасаған Ие Сион шаһарының әйелдерін жан дүниелеріндегі ластан арылтады, әрі қан төккен Иерусалим қаласын әділдікпен соттап, қан дақтарынан отпен тазартады.4:4 Немесе: әділ соттың және оттың рухымен төккен қанының дақтарынан тазартпақ (1:21,25; 48:10).

5 Содан кейін Жаратқан Ие Сион тауының және осында жиналғандардың үстерінен күндіз бұлт пен түтін, түнде жалындаған оттың сәулесін жаратады.4:5 Мыс 13:21-22; 40:34,38; Жар 15:17-18. Бұлар салтанатты қаланы тұтастай қалқалап жауып тұрып, 6 оны күндізгі қапырықтан тасалап, дауыл мен жауыннан да қорғайтын болады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também