Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 52

Иерусалимнің азат етілуі

1 Оян, Сион халқы, оян! Күш-қуатқа бөлен! Қасиетті қала52:1 Яки: Құдайға ерекше бағышталған қала (48:2). Иерусалим, салтанатты киін! Құдайсыз, күнәлі жауларың52:1 Немесе: Құдайға бағынбаған арам жандар (6:5). енді қайтып саған кірмейтін болады! 2 Отырған жеріңнен тұрып, шаңыңды қағып тастап, төрдегі орныңа жайғас, уа, Иерусалим! Мойныңдағы шынжырларды алып таста, тұтқындалған Сион халқы! 3 Себебі Жаратқан Ие былай дейді: «Сендер ақшаға сатылмай-ақ құлдыққа түстіңдер.52:3 50:1; Шеж2 36:20. Енді құн төленбей-ақ босатыласыңдар!»

4 Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ежелде Менің халқым Мысырға барып, жат жерлік кірмелер ретінде сонда тұрған еді. Соңғы уақытта Ассур патшалығы оларға зорлық-зомбылық көрсетіп келді.52:4 10:24; Жар 46:6.5 Ал енді, мына жағдай не? — дейді Жаратқан Ие. — Жау халқымды құнын төлемей-ақ айдап алып кетіп, билеп-төстейді. Сол ісіне шулап мақтанады. Менің атым күн ұзағына қорланады. 6 Алайда болашақта Менің халқым атымды мойындайтын болады. «Қараңдар, Мен мұндамын!» деп шақырған Өзім екеніме сол күні олар көздерін жеткізбек».52:6 Немесе: Осыларды алдын ала айтқан Мен екеніме сол күні олар көздерін жеткізбек. Иә, Мен Солмын! (41:26-27) — Жаратқан Ие осыны нық айтады.

7 (Татулық туралы) ізгі хабарды жеткізушінің таудан асып келгені қандай тамаша! Ол тыныштықты жариялап, бақыттың жақсы хабарын алып келіп, құтқарылуды паш етеді. Сионға: «Құдайың патшалық құрып жатыр!» — деп мәлімдейді. 8 Бір үн естіледі: күзетшілерің дауыс көтеріп, барлығы да шаттана шырқайды.52:8 62:6; 24:14; 40:9. Олар өз көздерімен Жаратқан Иенің Сионға қайтып келгенін көреді!52:8 40:3-5,9-11; 62:11-12.9 Иерусалимнің қираған орындары, бәрің бірігіп шаттана ән шырқаңдар! Тәңір Ие өз халқына жаны ашып, Иерусалимді құтқарады.52:9 41:14 түсініктемені қ.10 Жаратқан Ие Өзінің киелі құдіретін барлық халықтардың көз алдында ашық көрсетеді. Құдайымыздың бізді құтқаруын жердің түкпір-түкпіріндегілердің барлығы көретін болады.

11 Кәне, жүріңдер, шығыңдар Бабылдан! Күнә атаулыға жоламай,52:11 Яки: Арам нәрселерге мүлдем жоламаңдар! сол жерден шығыңдар! Жаратқан Иенің (киелі үйінің) бұйымдарын көтеріп алып жүретіндер, өздеріңді Оған бағыштап, тазару рәсімінен өтіңдер!52:11 Немесе: өздеріңді таза ұстаңдар! (Мыс 29; 30:17-21; Рул 1:49-50)12 Сендер жау елінен қашып жүгірмей, асықпай шығасыңдар. Себебі Жаратқан Ие алдарыңнан жүріп, сендерді жетелейді; Исраилдің сиынған Құдайы өздеріңді арттарыңнан да қорғап жүретін болады.52:12 Исраил халқы Мысырдан құтқарылып, көшіп шыққан кезде де Жаратқан Ие оларды қорғап-қоршап жүрген болатын (Мыс 14:19-20; 40:34-38).

Құдайдың Қызметшісінің күнәларымызды өз мойнына алуы

13 (Тәңір Ие былай дейді:) «Біліп қойыңдар, Менің Қызметшім ақыл-парасатпен әрекет жасайды. Ол беделі артып, дәрежесі жоғары көтеріліп, ұлан-ғайыр дәріптелетін болады. 14 Оған52:14 Немесе: Саған. қарап көпшілік аң-таң болды. Себебі Қызметшімнің ұсқынының бұзылғаны сонша, тіпті адам сияқты көрінбеді. Оның түр-тұрпаты адам баласына ұқсамай қалды. 15 Қызметшім көптеген халықтарды қайран қалдырады.52:15 Немесе: Қызметшім көптеген халықтарға (өз құрбандығының қанынан) бүркіп (оларды күнәларынан тазартпақ: Мыс 24:8). Оның алдында патшалар да ауыздарын жабатын болады. Себебі олар өздеріне еш хабарланбағандарды енді көреді, әрі еш естімегендерді енді түсінеді».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também