Иерусалимнің болашақтағы қиратылуы туралы ауыр хабар
1 Бұл — Аян аңғары22:1 Яғни Иерусалим (Жыр 124:2; Ерм 21:13; Жое 3:2,12,14. Түпнұсқада осы есім «Хенном аңғары» іспетті естіледі. Иерусалимнің маңындағы сол аңғарда халық кейде жалған тәңірге арнап ұл-қыздарын отқа өртеп құрбандыққа ұсынатын: Ерм 32:25). туралы ауыр хабар:
Не болып жатыр? Неліктен барлығың да үйлердің жалпақ төбелеріне шығып алғансыңдар? 2 Уа, бұрын толқыған, у-шу мен той-думанға толған қала! Сенің тұрғындарың өлді, бірақ семсерден емес, ашаршылық пен індеттен! 3 Күллі басшыларың бірге қашып кетіп, бір жебе де атпастан тұтқынға түсті. Сенен табылған адамдарыңның бәрі бірдей ұсталды. Олар алысқа қашып кетпекші болған еді. 4 Сондықтан былай деймін: «Маған қарамаңдар, мен зар жылап жатырмын, қырылған халқымды жоқтаудамын. Мені жұбатуға тырыспаңдар!
5 Өйткені Аян аңғарындағы22:5 22:1. осы бір үрей мен жеңіліс әрі мидай шатасқан уақыт Әлемнің Әміршісі Жаратқан Иенің Өзінен келді! Қаламыздың қабырғалары құлап, айқайлағандардың даусы төбелерді жаңғыртуда. 6 Еламның22:6 13:17; 21:2. жасақшылары садақ пен жебе асынып, күймелерге мініп келді, Кир22:6 Кир Мидияның басқа аты болса керек (21:2). елінің адамдары қалқандарын дайындады. 7 Сонда ең құнарлы деген аңғарларың күймелерге толды. Салт атты жасақшылар Иерусалим қақпасына қарсы сапта тұр. 8 Яһуданы қорғайтын бекіністері талқан болды.
Сол күні сендер «Орман сарайындағы»22:8 Пат3 7:1-2; 10:17. қару-жарақтарға үмітпен қарадыңдар. 9 Алайда Дәуіттің шаһарының22:9 Яғни «Ливан орманы сарайындағы» (Пат2 5:6-7,9; 14:27-28; Ән 4:4). қамал қабырғасында қанша жарылған жердің бар екендігін көрдіңдер. Төменгі тоғанда су сақтап қойдыңдар. 10 Иерусалимдегі үйлерді тексеріп шығып, солардың тастарымен қамалдың қабырғасын бекіту үшін22:10 Шеж2 32:5. кейбіреулерін құлаттыңдар. 11 Көне тоғанның суын жинау үшін қаланың екі қабырғасының арасына тоған22:11 Немесе: хауыз (Пат4 20:20; 25:4). саласыңдар. Алайда сендер Құдайға көңіл бөлмедіңдер! Оның Өзі осының бәрін бұдан көп бұрын жоспарлап, оның осылай болуына себепші болды!
12 Сондықтан сол кезде Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие сендерді жылап жоқтау айтуға, шаштарың мен сақал-мұрттарыңды алып тастап, азалы киім киюге шақырды. 13 Алайда соның орнына сендер мәз-мейрам болып тойладыңдар, ірі қара мен ұсақ малдарды сойып, етін жеп, шарап ішіп отырып: «Ішіп-жеп тойып алайық, ертең бәрібір өліп қалармыз!» деп, еркінсіп жүрдіңдер.
14 Әлемнің Иесі маған оларға арналған мына хабарды естіртіп білдірді: «Осы күнәларыңның арамдығы көздерің тірі болған кезде тазартылмайды!»22:14 Пат3 3:14; Езк 24:13. — Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие осыны антпен бекіткен.
Менмен сарай басқарушысы Шебнаға ескерту
15 Кейінірек Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие маған тағы мына тапсырманы берді: «Бар да, сарай басқарушысы Шебнаға былай де: 16 Осы қалада қандай құқығың бар, қандай тума-туыстарың бар? Төбе басындағы жартасты үңгітіп, өзіңе керемет қабір дайындауға қалай дәтің барады?22:16 Сондай қабір тек патшаға ғана лайық болатын (14:18 Шеж2 16:14).
17 Ей, күшті адам, Жаратқан Ие сені қатты қысып ұстап, алысқа лақтыра салады. 18 Ол сені жүн шумағындай қағып алып, ұлан-ғайыр елге лақтырып жібереді. Сен сол жерде өліп, өзіңнің сондай сән-салтанатты күймелерің де сонда болады. Саған бола қожайыныңның әулеті масқараланады. 19 Сені сарайдан шығарып, жоғарғы дәрежеңнен құлдыратамын», — деп ескертті Жаратқан Ие.
20 «Сол күні Мен Хелкия ұлы Елиәкімді22:20 36:3; 37:2. шақырып аламын. 21 Сенің шапаныңды оған жауып, жалпақ белбеуіңді оның беліне таңамын. Сенің барлық мәртебе-дәрежеңді оған сеніп тапсырамын.22:21 Б.з.д. 701 ж. Елиәкім сарай басқарушысы, ал Себна хатшы болып істеді (36:3). Ол Яһуда мен Иерусалим халқына әке іспетті қорғаушы болады. 22 Оның қолына Дәуіттің әулеті тұратын сарайдың кілтін табыстаймын. Ол ашқанды ешкім жаппайды, ол жапқанды ешкім ашпайды. 23 Мен оны ағашқа қаққан ілмектей мықтап бекітемін. Ол әкесінің отбасына атақ-даңқ әкеледі. 24 Әкесінің әулеті оның арқасында абыройлы болмақ. Әкесінің барлық үрім-бұтағы да ілмекке ілінген қыш құмыра не тостаған іспетті оған байлаулы болмақ».
25 Алайда Әлемнің Иесі тағы мынаны айтады: «Мықтап бекітілген осы ілмек күндердің күнінде босап кетіп, құлап түседі. Оған ілінген барлық жүк те онымен бірге құлап түсетін болады». — Жаратқан Ие осыны кесіп айтты.