Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 64

Құдайдан халқына қайтып келуін өтінген дұға

1 Уа, Жаратқан Ие, Сен көкті жарып, жерге зымырап түссең екен, шіркін! Сенің алдыңда таулар шайқалар еді! 2 Бұл, өрттің сексеуілге тиіп, лаулап жанып, суды қайнатқанындай сұрапыл оқиға болар еді. Сонда Сенің есімің жауларыңа танымал болып, алдыңда халықтар дірілдер еді. 3 Ежелде Сен халқымыз күтпеген қорқынышты істер істедің. Көктен зымырап түсіп келгеніңде алдыңда таулар шайқалды да!64:3 Мыс 19:16-19.

4 Сен Өзіңді сеніммен күткендерге64:4 (25:9; 30:18; 40:31) Яки: Өзіңді аңсап Саған үміт артқандарға. игіліктер жасайсың. Мұны істейтін бірде-бір өзге құдай жоқ! Бұрын-соңды ешкім ондай құдай туралы құлағымен естіп, көзімен көрген де емес. 5 Әділдікті қуана іске асырып, ақ жолыңмен жүріп, Өзіңді естен шығармайтындарды Сен рақыммен қарсы аласың.

Алайда біз бұрыннан-ақ еркіңе қарсы күнә жасап келгендіктен, Сен қатты ашуландың. Енді біз қалай құтқарыла аламыз? 6 Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып64:6 Мыс 19:16-19. кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті!64:6 Бәріміз күнәкар пенде болғандықтан, тіпті әділ және игі болып көрінетін істеріміз бізді күнәларымыздан тазарта алмайды. Қайта, сол істеріміздің өздері Құдайдың көз алдында лас та жиренішті (57:12; 58:2-5; Жыр 52:2-4; Рим 3:10-12). Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді. 7 Ал ешқайсымыз Саған сиынып, рақым етуіңді сұрап жалынып-жалбарынбаймыз. Сен бізден бас тартып, бізді күнәміздің кесірінен жойылуға қалдырдың.

8 Алайда, о, Жаратқан Ие, Сен рухани Әкемізсің.64:8 63:16. Сен құмырашыға, біз саз балшыққа ұқсаймыз. Бәріміз Сенің қолыңнан шыққан жаратылысыңбыз.64:8 29:16; 45:9; 60:21; Жыр 99:3.9 Уа, Жаратқан Ие, шексіз ашуланып, күнәларымызды есіңде мәңгілік сақтай көрме! Саған жалбарынамыз, бізге көз сала гөр, Сенің халқыңбыз ғой.

10 Өзіңе бағышталған қалаларың қиратылып, елсіз далаға айналды. Тіпті Сион тауы қаңырап бос қалып, Иерусалим қаласы тас-талқан болды: 11 ата-бабаларымыз Сені мадақтаған киелі64:11 Яки: Өзіңе бағышталған (қасиетті). де салтанатты ғибадатханамыз өртеніп кетті! Біз үшін сондай қымбат нәрселердің бәрі де күйреді.

12 Осылай болғанда, уа, Жаратқан Ие, Өзіңді ұстап тұрмақсың ба? Үн-түнсіз қалып, бізді шексіз қинамақсың ба?!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também