Құтқарылғандардың Жаратқан Иені мадақтау жыры
1 Сол кезде мынадай ән-жыр айтатын боласың:
«Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын!
Маған ашуланған едің, ал сосын
Қаһарыңды басып, мені жұбаттың.
2 Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!
Оған сеніп, қорықпаймын да енді,
Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,
Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,
Ол адал Құтқарушым болып келеді!»
3 Құтқарылудың қайнар көздерінен
Су ала бересіңдер қуанышпен.12:3 Яки: Шөлдегенге таза судың ләззәт әкелетініндей, сендер Құдайдың өздеріңді құтқарып, қолдап-қорғап жүргеніне керемет шаттанасыңдар (12:2; Жыр 50:14).
4 Сол кезде былай дейтін боласыңдар:
«Жаратқан Иеге шүкірлік етіп,
Есімін атап Оған сиыныңдар,
Әділ істерін ұлттарға білдіріп,
Есімінің ұлылығын хабарлаңдар!
5 Жаратқан Иеге арнап ән шырқаңдар,
Ол ұлы кереметтерді істеді,
Осыны білсін жер жүзінің бәрі!
6 Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар,
Дауыстап қалықтата ән салыңдар:
Исраил сиынған Киелі Құдай
Енді өздеріңнің араларыңда
Бөленеді салтанатты ұлылыққа!»12:6 Яки: Исраил сиынған Киелі Құдай шексіз ұлы! Оның жер бетіндегі тұрағы (киелі үйі) сендердің араларыңда.