Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 30

Қиналған жанның Құдайдың қорғайтынына сенуі

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

2 Өзіңді паналаймын, уа, Жаратқан,

Ұятқа қалдырмашы мені ешқашан,

Сен әділсің, мені алып қалшы аман.

3 Құлақ түріп маған, тез құтқара көрші,

Бас сауғалар құз бен қорғаным бола көрші.

4 Өйткені жартасым, берік қамалымсың,

Жетелеп бастай гөр ізгілігің үшін,30:4 Яки: (ізгі) есімің үшін.

5 Шығаршы мені жау құпия құрған тордан,

Себебі Сен берік қорғансың маған.

6 Сенің қолыңа рухымды тапсырамын.

Уа, Ием, шынайы Құдай,30:6 (Иш 45:19; 65:16) Яки: Уа, Жаратқан Ие, (сөзіне) адал Құдай (70:22; Заң 32:4). Сен мені құтқардың.

7 Жек көрем түк пайдасыз тәңірсымақтарды

Әрі оларға табынған адамдарды,

Ал Жаратқан Иеге нық сенемін,

8 Қуанып, шаттанамын рақымыңа Сенің,

Сен байқадың мүшкіл халімді менің,

Жанымның азабына көңіліңді бөлдің.

9 Сен мені қалдырмадың жаудың қолына,

Қайта, мені тұрғыздың ашық орынға.30:9 17:20; 117:5.

10 Рақым ете гөр, қиналып тұрмын,

Уа, Ием, күйіктен солды жанарым,

Зор қасіреттен әлсіреді жан-тәнім.

11 Ғұмыр жасым қайғыдан қысқаруда,

Күңіреніп өмірім таусылуда,

Күнәма бола күш-қуатым қайтуда,

Сүйектерімнің күші кетіп қуаруда.

12 Көршілеріме жек көрініштімін,

Таныстарыма да қорқыныштымын,

Мені көре қалса қашады далада,

Осындай болдым жауларыма бола.

13 Өлгендей-ақ олар мені ұмытқан,

Ұқсаймын қыш ыдысқа сынып қалған.

14 Көп естимін өзім жайлы өсек-аяң,

Қауіп төніп тұр басыма жан-жақтан,

Жауларым маған қарсы сөз байласуда,

Жанымды алуға жоспар құруда.

15 Ал мен Өзіңе сенемін, уа, Жаратқан,

«Сен менің Құдайымсың» деймін Саған.

16 Өмірім30:16 Яки: (Барлық) күндерім (89:10,12). Сенің қолыңда, я, Жаратқан,

Құтқара гөр қуғындаған жауларымнан.

17 Бет-жүзіңнің нұрын маған түсіре гөр,

Мейіріміңе сай мені құтқара гөр.

18 Мені ұятқа қалдырма, уа, Жаратқан,

Себебі жалбарынып жүрмін Саған.

Зымияндар масқараланатын болсын,

Үндері өшіп, олар қабірге қойылсын,30:18 Немесе: олар о дүниеге аттансын.

19 Қарысып қалсын ауыздары жалған,

Менмен паңдықпен әділді жамандаған.

20 Уа, Ием, қандай мол Сенің ізгілігің:

Өзіңді қастерлеп, паналайтындар үшін

Соны сақтап, жұрт алдында сыйлайсың.

21 Сен пана болып әділді қорғайсың,

Өз саяңда аман-есен сақтайсың

Адамдардың астыртын әрекетінен

Әрі ұрсып айыптайтын тілдерінен.

22 Маған мейірімін көрсеткені үшін,

Қоршалған қалада қорғағаны үшін

Жаратқан Ие әрдайым мадақталсын!

23 Қорқыныштан былай деп уайымдадым:

«Сірә, Сенің назарыңнан тыс қалдым!»

Бірақ Сен жалынған даусыма құлақ түрдің,

Сиынған мінажатыма жауап бердің.

24 Жаратқанды сүйіңдер, бар әділдері,

Иеміз аман сақтайды адал пенделерді,

Ал молынан жазалайды менмендерді.

25 Жаратқанға сенім артқандардың бәрі,

Қайратқа кенеліп, батыл болыңдар енді!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.