Бабылдықтар алдында мақтанған Езекияға Құдайдың ескертуі
1 Сол кездері Бабыл патшасы Баладан ұлы Меродах-Баладан39:1 Пат4 20:12. Езекия патшаның қатты ауырып қалып, сауықтырылғанын естіп, оған сәлемхаттары мен сыйлығын жіберді. 2 Езекия келген бабылдық елшілерді жылы қабылдап, оларға өзінің қазына қоймаларын: ондағы алтын-күмісін, дәмдеуіштері мен құнды иісмайларын, тіпті бүкіл қару-жарақ қоймасын да түгелдей көрсетті. Езекияның өз сарайы мен барлық патшалығында оларға көрсетпеген бағалы заттары қалмады.
3 Кейін Ишая пайғамбар Езекия патшаның алдына барып, оған:
— Ана адамдар не деді, олар қайдан келді? — деген сауал қойды. Езекия:
— Олар маған алыстағы елден келді, сонау Бабылдан, — деді. Пайғамбар:
4 — Олар сарайыңыздан не көрді? — деп сұрағанда, Езекия:
— Менің сарайымда не бар, соның бәрін көрді. Менің қазына қоймаларымда оларға көрсетпеген ештеңем қалған жоқ, — деп жауап берді. 5 Сонда Ишая Езекияға былай деді:
— Енді Әлемнің Иесінің сөзін тыңдаңыз: 6 Өз сарайыңдағы бар нәрсенің, ата-бабаларыңның осы кезге дейін жиған-тергендерінің барлығы да Бабылға әкетілетін күн туады. Мұнда ештеңе қалмайтын болады! — деп нық айтады Жаратқан Ие. — 7 Өзіңнен тарайтын ұрпақтарыңның кейбіреулері де сол елге әкетіледі. Бабылдықтар оларды белінен айырып азбанқұл39:7 Яки: әтек, евнух (56:3-4; Пат4 20:18). қылып, Бабыл патшасының сарай қызметшілері етіп қояды! — 8 Сонда Езекия Ишаяға:
— Сіз жеткізген Жаратқан Иенің сөзі жөн екен, — деді. Өйткені ол: «Әйтсе де менің тірі кезімде тыныштық пен аман-есендік болады», — деп ойлады.