Құш елі туралы ауыр хабар
1 Қап, әттеген-ай, Нілге құятын салалардың ар жағында орналасқан, қанаттылар сусылдап ұшатын Құш елі18:1 Құш оңтүстік Мысырдан солтүстік Эфиопияға дейін созылған ежелгі ел. Б.з.д. 715 ж. құштық Шабақо Мысырға да патшалық құрып, Мысырдың 25-ші патша әулетінің негізін салды (20:3; 37:9; 43:3; Пат4 19:9; Соф 2:12). қасіретке қалады! 2 Сол ел қамыстан жасалған қайықпен Ніл өзенімен елшілерін жібереді.
Уа, жүрдек хабаршылар! Өзендермен бөлінген өз елдеріңе қайтыңдар! Әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл өз халқыңа мына хабарды жеткізіңдер: 3 Ей, жер бетінде тұратын барлық адамдар,18:3 Яғни Құдайдың таңдаған халқына қарсы шыққан басқа халықтар (17:12-14). ден қойыңдар! Тау бастарында ту көтерілгенде соны көріп, керней тартылғанда соны еститін боласыңдар! 4 Себебі Жаратқан Ие маған мынаны айтты: «Мен Өзім тұратын көктен тыныштықпен төменге көз саламын. Осы тыныштық күн күйіп тұрған кездегі жым-жырт ыстыққа әрі өнім жинайтын кездегі аптапта жоғары қарай ақырын көтерілген буға ұқсайды».
5 Жүзімші өнімді жинамас бұрын, бүршік гүлдеп болып, жүзім піскен кезде, пышағымен артық өскіндерді кесіп түсіреді. Сол сияқты, Жаратқан Ие Құштың жасағын «шауып тастайды». 6 Оның өлген жасақшыларының денелері таудағы жыртқыш құстар мен даладағы аңдарға қалады. Олармен жазда құстар, қыста аңдар қоректенеді.
7 Сол кезде ұзын бойлы, сақал-мұртсыз, әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл халықтан Әлемнің Иесіне арналған сый-тарту18:7 Яки: алым-салық (16:1; 45:14; Соф 3:10). келеді. Олар соны өзендермен бөлінген өз елдерінен Әлемнің Иесінің есімі құрметтелетін орынға, Сион тауына,18:7 Заң 12:5,11. әкеледі.