2 Құдайдың өздеріңе сеніп тапсырған рухани «отарын» (яғни қауымын) қамқорлап бағыңдар!5:2 Жох 21:15-17; Елш 20:28. Мұны лажсыздан емес, шын көңілден, Құдайдың еркіне сай орындаңдар. Оны ашкөз пайдақорлықпен де емес, адал ынта-жігермен істеңдер. 3 Тәңір Иенің меншікті қауымдарына өктемдік жүргізбеңдер, қайта, рухани «отарға» үлгі-өнеге болыңдар! 4 Осылай істесеңдер, «Бас Бағушымыз» (Мәсіх) қайтып келіп, анық көрінгенде, ешқашан солмайтын «салтанат тәжін» жүлде ретінде Оның қолынан аласыңдар.5:4 1:4; Дан 12:3; Жақ 1:12.
5 Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге5:5 Яки: үлкендерге. мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».5:5 Нқл 3:34; Жақ 4:6.