Pular para o conteúdo
Publicidade

Патшалықтар 3-ж. 19

Ілиястың Езабелден бас сауғалап қашуы

1 Ахаб Ізрел қаласына жеткенде, Езабел патшайымға Ілиястың істегендерінің барлығын, оның Бағалдың пайғамбарларының бірде-біреуін қалдырмай, семсердің жүзімен қырып тастағанын да түгелдей айтып берді. 2 Сонда Езабел Ілиясқа хабаршысын жіберіп мынаны айтқызды: «Егер мен ертең осы кезге дейін сенің күллі пайғамбарларға істегеніңді өз басыңа істемесем, мені тәңірлер жазалаған үстіне жазалай берсін!»

3 Сонда Ілияс қатты қорқып, бас сауғалап қашып кетті. Ол Яһуда руының жеріндегі Бер-Шеба қаласына жетіп, сонда қызметші жігітін қалдырып кетті. 4 Өзі елсіз далаға қарай тағы бір күндік жол жүріп, жалғыз тұрған арша бұтасының саясына келіп отырды. Ілияс өмірден түңіліп: «Уа, Жаратқан Ие, осы көргенім де жетер, жанымды ала гөр! Менің ата-бабаларымнан еш артықшылығым жоқ», — деп мінажат етті. 5 Бұдан кейін ол сол бұтаның түбіне жантайып, ұйықтап кетті.

Кенеттен бір періште Ілиясты түртіп оятып: «Тұр да, мынаны жеп ала ғой!» — деді. 6 Ілияс айнала қарап, бас жағында тұрған бір таба нан мен бір құмыра суды көрді. Ол ішіп-жеп, қайтадан жата кетті.

7 Жаратқан Иенің періштесі қайтадан келіп, оны түртіп оятып: «Тұр да, тамақтан. Әйтпесе алдағы жүретін жолың тым ұзақ болады», — деді. 8 Ілияс тұрып, ішіп-жеп, сол тамақтың күшімен қырық күн, қырық түн жол жүріп, Құдайдың тауы — Хориб тауына19:8 Сол кезден алты жүз жыл бұрын Жаратқан Ие Хориб (яғни Синай) тауында Мұса пайғамбар арқылы Исраил халқына Таурат заңын тапсырып, олармен Келісім жасасқан болатын (8:9; Мыс 19:1-9; 20:1-24). барып жетті.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também