13 Сүлеймен бүкіл Исраил елінен жұмыскерлер жинап, олардың жалпы саны отыз мың адам болды. 14 Ол он мың адамды кезекпен бір айға жіберіп отырды, осылайша олар бір ай Ливанда жұмыс істеп, екі ай үйлерінде жүрді. Бұл жұмысты басқару Адонирамға жүктелді.
15 Сүлейменнің тағы жетпіс мың адамы жүк тасушы және сексен мың адамы тауда тас қашаушы болды. 16 Солардың үстінен қарап жұмыстарын бағыттауға Сүлеймен үш мың үш жүз адамды басқарушы етіп тағайындады.