11 Самуил оған:
— Сен не істедің? — деген сұрақ қойды. Саул:
— Қасымдағы адамдарымның бытырап кетіп жатқанын көрдім. Ал өзіңіз келемін деген уақытта келмей қалдыңыз. Оның үстіне філістірлер Миқмасқа жиналды. 12 Мен сонда філістірлер қазір Ғылғалға келіп, маған қарсы шабуыл жасамақшы, ал мен өзіме оң көзімен қарасын деп Жаратқан Иеге әлі де сый-тарту ұсынған жоқпын ғой деп ойладым. Содан мен құрбандықты шалып, өртеп ұсынуға тиістімін деп есептедім, — деді.