11 Ақырында Самуил Есейден:
— Барлық ұлдарың осылар ма? — деп сұрады.
— Тағы бір кенже ұлым бар. Ол қой-ешкі бағып жүр.
— Кісі жіберіп, оны алдыртшы! Сол келмейінше құрбандық асына отырмаймыз, — деп тапсырды Самуил.
13 Самуил алып келген құтысын16:13 Яки: мүйізін (16:1). қолға алып, Дәуітке ағаларының көзінше май жағу рәсімін орындады. Сол күннен бастап Жаратқан Иенің Рухы Дәуітке қонды. Мұнан кейін Самуил Рамаққа қайтып кетті.