Патшазада Жонатанның Дәуітпен достасуы
1 Дәуіт Саулмен сөйлесіп болғанда, патшазада Жонатан оны қатты ұнатып, жанындай жақсы көріп қалды.18:1 Яки: Жонатанның жаны Дәуіттің жанымен байланысып, оны өзіндей жақсы көріп қалды.2 Саул сол күннен бастап Дәуітті өзінің қасында қалдырып, әкесінің үйіне қайтармай қойды. 3 Дәуітті сондай жақсы көріп қалған Жонатан онымен серттесіп дос болып,