Pular para o conteúdo
Publicidade

Патшалықтар 1-ж. 19

11 Сонда Саул Дәуіттің үйін күзеттіріп, таң атысымен-ақ оны өлтіру үшін сарбаздарын жіберді. Әйелі Михол Дәуітке: «Бүгін түнде бас сауғалап, қашпасаң, ертең таңертең сені өлтірейін деп отыр!» — деп ескертіп, 12 оны терезеден төмен түсіріп жіберді. Осылай Дәуіт қашып құтылып кетті. 13 Михол бір мүсінді19:13 Немесе: бір жалған тәңірдің мүсінін (Жар 31:19). алып, төсекке жатқызып, үстін жамылғымен жапты да, бас жағына ешкі жүнінен тоқылған перде қойды. 14 Саулдың Дәуітті қолға түсіру үшін жіберген сарбаздарына ол: «Дәуіт ауырып19:14 Яки: қатты шаршап. жатыр», — деді. 15 Сонда Саул адамдарын Дәуіттің өзін көруге жіберіп, оларға: «Оны төсегімен бірге көтеріп алып келіңдер, мен көзін жоямын!» — деп бұйырды. 16 Олар үйге кіріп, қараса — төсекте жатқан жай ғана мүсін, бас жағында жатқан ешкі жүнінен тоқылған перде екен! 17 Саул Михолға:

— Мені неге соншама алдап, жауымды қашырып жібердің? — деп зекігенде, қызы былай деп жауап берді:

— Ол: «Мені жібер! Әлде сені өлтірейін бе?» деп тұрып алды.

Дәуіттің Самуил пайғамбардың үйінде бас сауғалауы

18 Ал Дәуіт қашып құтылып, Рамақтағы Самуилге барып, Саулдың өзіне істегендерінің бәрін айтып берді. Содан ол Самуилге еріп Найотқа19:18 Набат деп те аталған бұл жерде Самуил пайғамбардың шәкірттері тұратын (19:20). барып, сол жерде тұратын болды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também