Ханнаның Құдайды мадақтаған жыры
1 Ханна былай деп сиынды:
Жаратқанға шын жүректен шаттанамын,
Иемнен мол күш пен абырой алғанмын,2:1 Яки: Жаратқан Ие мүйізімді жоғарылатты. (Мүйіз бұл жерде күш-қуат пен абырой-атақтың белгісі: 2:10.)
Дұшпандарыма жауап қата аламын,
Мені құтқарғаныңа қатты қуанамын!
2 Ешкім жоқ Жаратқан Иедей қасиетті,
Жоқ Сенен өзге ешбір тәңір шынайы,
Берік қорған2:2 Яки: Берік жартас (Жар 49:24; Заң 32:4). да жоқ Құдайымыз сияқты!
3 Пенделер, тағы да паңдана мақтанбаңдар,
Ауыздарыңнан тәкаппар сөз шығармаңдар!
Себебі Тәңір Ие бәрін біліп тұрады,
Құдай істеріңе әділ үкім шығарады!
4 Мықтының садақтары сындырылады,
Ал әлсіз жан зор күшке ие болады.
5 Тоқ болғандар енді нанға жалданады,
Ал ашыққандар ішіп-жеп тойынады.
Бала көтермеген жетеуін туады,
Ал көп ұлды ана баладан қалады.
6 Ием жанды алады әрі тірілтеді,
Көрге түсіріп,2:6 Яки: О дүниеге аттандырып. одан алып та шығады.
7 Жаратқан не кедей, не бай да етеді,
Не төмендетіп, не жоғарылатады,
8 Ол жарлыны күл-топырақтан көтереді,
Мүсәпірді мүшкіл күйінен құтқарады,
Әміршімен бірге төрге отырғызады,
Сыйлы орынды оған мұралыққа береді.2:8 Немесе: Даңқ пен салтанаттың тағын оған мұралық меншік ретінде табыстайды.
Себебі жердің негізі — Жаратқанның меншігі,
Ол үстіне орнатқан бүкіл дүниені.
9 Ием Өзіне бағышталғанды қорғап күзетеді,
Ал зұлымдар қара түнекте өледі,
Пенде өз күшімен жеңіске жетпейді.
10 Жаратқан Ие қарсыластарын шайқалтады,
Көктен күн күркіретіп қарсы шығады.
Иеміз жер жүзіне үкім шығарады,
Ол өз халқының патшасына күш сыйлайды,
Тағайындаған сол басшысын қуаттайды.2:10 Немесе: Оның май жағу рәсімінен өткізілген адамының («мәсіхтің») мүйізін жоғары қояды. (Мүйіз: 2:1-дегі түсініктемені қараңыз. Мәсіх: Құдай халқының май жағу рәсімі жасалып тағайындалған патшасы: 10:1; Түсіндірмені де қараңыз.)