6 Сол кезде Жаратқан Иенің құдіретті қолы Азот пен оның айналасындағыларды қатты жазалап, кесел жіберіп,5:6 Немесе: айналасын қатты жазалап, тышқандарды (яки: егеуқұйрықтарды) қаптатып, елді ойрандатты (6:4-5). денелеріне шиқанды ісіктер қаптатып азаптады. 7 Мұны көрген Азот халқы: «Исраилдің Тәңірінің сандығы бұл жерде қалмауға тиіс! Өйткені олардың Тәңірі бізді де, өз тәңіріміз Дагонды да қатты жазалап отыр», — деді. 8 Сонымен олар хабаршыларын жіберіп, філістірлердің барлық әміршілерін5:8 Сол заманда філістірлердің бес басты қаласының әрқайсысының өз әміршісі болып, солар билік жүргізетін (Еш 13:3; Бил 3:3; 16:5). шақырып алдыртты. Олардан:
— Исраилдің Құдайының сандығымен не істейміз? — деп сұрады. Әміршілер:
— Исраилдің Құдайының сандығын Ғатқа5:8 Еш 11:22. жөнелту керек, — деп шешті де, оны сол жаққа апарғызды.
9 Бірақ Келісім сандығы Ғат қаласына келгенде, Жаратқан Иенің құдіретті қолы оны да қатты жазалап, абыржытты. Жас демей, кәрі демей, Жаратқан Ие қаланың тұрғындарының бәріне бірдей індет таратты. Содан оларға жаппай5:9 Немесе: олардың шаптарында. шиқанды ісіктер шыға бастады.
10 Сонда олар Құдайдың сандығын Әкронға5:10 Немесе: Ашқалонға (6:17). Әкрон (Еш 15:45; Бил 1:18): осы есім Ақарон деп те айтылады. жіберді, бірақ ол сол қалаға жете салысымен тұрғындары: «Бұлар Исраилдің Құдайының сандығын өзімізді де, бүкіл халқымызды да қыру үшін әкеліп отыр!» — деп айқай-шу шығарды. 11 Олар кісілерін жұмсап, філістірлердің барлық әміршілерін шақыртып алып: «Өзіміздің де, халқымыздың да құрып кетпеуі үшін Исраилдің Құдайының сандығын осы жерден өз мекеніне қарай жіберіңіздер!» — деп өтінді. Ажал бүкіл қала халқын қатты үрейлендірді, себебі Құдайдың құдіретті қолы оларды қатты жазалап жатты.