Келісім сандығының Исраил еліне қайтарылуы
1 Осылай Жаратқан Иенің Келісім сандығы жеті ай бойы філістір жерінде болғаннан кейін 2 філістірлер абыз-көріпкелдерін шақырып,6:2 Немесе: філістірлер діни қызметкерлері мен сәуегейлерін шақырып. оларға:
— Жаратқан Иенің сандығымен не істеуіміз керек? Оны өз орнына қалай қайтаруға болатынын айтыңдаршы? — деген сауал қойды. 3 Әлгілердің жауабы мынау болды:
— Исраилдің Құдайының сандығын қайтарамыз десеңдер, оны құр жібермей, айыптарыңды өтейтін сый-тартумен6:3 Леу 5:15-16. қоса қайтаруларың керек. Сонда ауруларыңнан айығып, Жаратқан Иенің құдіретті қолының өздеріңді неліктен жазалап келгенін ұғарсыңдар. —