Қауымның Құдайға сиынуы
1 Ал енді, ең алдымен мынаны ескертемін: барлық адамдар үшін Құдайға сиынып, өтініштерің мен алғыстарыңды білдіріңдер. 2 Патшалар мен басқа да барлық әкімшілік иелері үшін де мінажат ету керек;2:2 Яғни Құдай оларға даналық сыйлап, әділ шешімдер қабылдатсын деп Оған сиыну қажет (Пат3 3:9,12,28; 10:8; Нқл 8:12-21; 20:8; 29:4). соның нәтижесінде біз барлық жағдайда Құдайға ұнамды да адал болып, тыныш та бейбіт өмір сүрмекпіз. 3 Бұл игілікті әрі Құтқарушымыз Құдайға ұнамды.