4 Бірақ сендер, бауырластарымыз, түнекте тұрмай, сол күні ұры түскендей қапыда қалмайсыңдар, 5 бәрің де жарықта және күнде жүресіңдер ғой.5:5 Немесе: Сендер бәрің жарықтың және күннің баласысыңдар (Жох1 2:8; Еф 5:8-10). Біз түндікі және түнектікі болмағандықтан, 6 басқаларға ұқсап ұйықтап қалмай, сергек те салауатты жүрейік! 7 Себебі ұйықтайтындар түнде ұйықтайды, ішетіндер түнде ішеді.
8 Ал біз күндікі болғандықтан салауатты жүрейік, сеніміміз бен сүйіспеншілігімізді «сауыт қылып», мәңгілік құтқарылуға деген үмітімізді «дулыға етіп киейік!»5:8 Еф 6:14,17.9 Өйткені Құдай бізді Өзінің қаһарына ұшырауға емес, қайта, Иеміз Иса Мәсіх арқылы құтқарылуға тағайындады.