Pular para o conteúdo
Publicidade

Қорынттықт. 2-хат 12

7 Өзіме ашылған құпиялардың төтенше ұлылығына байланысты кеуде көтермеуім үшін, тәніме «шаншылып түйрелу азабы» бұйырылды:12:7 Яки: маған тікен іспетті бірдеңе шаншып түйрегендей қинаған тәндік азаптар бұйырылды. (Мұның нақты не екені бізге беймәлім.) шайтанның хабаршысы мені соғып қинайды. Бұл мені өркөкіректеніп кетуден сақтамақ. 8 Мен бұл азапты өзімнен аластатуын өтініп, үш рет Иемізге сиындым. 9 Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын. 10 Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também