7 Өзіме ашылған құпиялардың төтенше ұлылығына байланысты кеуде көтермеуім үшін, тәніме «шаншылып түйрелу азабы» бұйырылды:12:7 Яки: маған тікен іспетті бірдеңе шаншып түйрегендей қинаған тәндік азаптар бұйырылды. (Мұның нақты не екені бізге беймәлім.) шайтанның хабаршысы мені соғып қинайды. Бұл мені өркөкіректеніп кетуден сақтамақ. 8 Мен бұл азапты өзімнен аластатуын өтініп, үш рет Иемізге сиындым. 9 Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.
Publicidade