Pular para o conteúdo
Publicidade

Қорынттықт. 2-хат 5

1 Мынаны да білеміз: жер бетіндегі «шатырымыз», яғни тәніміз,5:1 4:7; Пет2 1:13-14. күйрегенде, адам қолы емес, Құдайдың Өзі жасаған көктегі мәңгілік мекенімізге, яғни жаңа денеге, ие боламыз. 2 Қазірдің өзінде ыңқылдай күрсіне отырып, көктен келетін денелерімізді жамылатын кезді зарыға күтудеміз.5:2 5:4; Рим 8:22-23.3 Себебі жаңа денені жамылғанда мекенсіз қалмаймыз. 4 Әлі де осы «шатырда» тұрып, ауыртпалық көргенде ыңқылдай күрсініп отырмыз. Алайда ажалдан жанымыз жалаңашталмай-ақ, көктен келген денемізді бірден жамылуды қалаймыз. Сонда өткінші тұрмысымыздың орнын мәңгілік өмір ауыстырады.5:4 Яки: Сонда мәңгілік өмір ажалды тәнімізді «жұтып қоймақ». (Тәндік денеміз шеккен азаптардан қажыған біз, Мәсіх жуырда қайта оралады деп үміттенеміз. Сонда ажалды көрмей-ақ бірден жаңа, мәңгілік денеге ие боламыз: Рим 8:23; Қор1 15:42-53; Пет1 1:13-14.)

5 Бізді осы үшін де жаратқан Құдай Өзінің берген уәделерінің орындалуының кепілі болсын деп, Киелі Рухын сыйлады.5:5 1:22; Рим 8:23.6 Сол себептен әрдайым жігерліміз. Әлі де қазіргі тәнімізде тұрғанда Иеміздің қасындағы мекенімізден алшақ екенімізді білеміз. 7 Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен5:7 Яғни көргендеріміз бойынша емес, сенгендеріміз бойынша (4:18; Рим 8:24-25, Қор1 13:12). өмір сүреміз. 8 Содан жігерлі болып, осы тәнімізді тастап, Иеміздің қасында орнығуды қалаймыз. 9 Сондықтан әлі де осы тәнімізде болайық немесе одан тыс (Иеміздің қасында) болайық, бәрібір бар ынтамен Оған ұнауға тырысамыз. 10 Барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, әшкереленуге тиіспіз ғой. Сонда әрқайсымыз тәндік өміріміздегі іс-әрекетіміздің жақсы-жамандығына қарай лайықты бағамызды алатын боламыз.5:10 Қор1 3:13-15.

Мәсіхпен тығыз байланыстағы «жаңа адамдар»

11 Сонымен Иемізді терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынуды ұдайы есімізде ұстаймыз. Сондай-ақ басқа адамдарды да осы шындыққа5:11 5:9-10; 5:20-21. сендіруге ұмтыламыз. Біз Құдай алдында әйгіліміз. Сендердің ар-ұждандарыңа да әйгіліміз деп үміттенеміз. 12 Тағы да өзімізді алдарыңда мақтайтын ойымыз жоқ.5:12 Яки: өзімізді мақтап сендерге ұсынатын ойымыз жоқ (3:1; 10:18). Қайта, сендердің бізді мақтан тұта алуларыңның себебін айтып тұрмыз. Сонда сендер адамды ішкі дүниесіне емес, сырт көрінісіне ғана қарап мадақтайтын кісілерге5:12 11:12-13; Ғал 6:12-14. жауап бере аласыңдар. 13 Біз «есімізден адасқан» болсақ,5:13 (Елш 26:24-29; Қор1 4:9-10; Мар 3:21) Көп азап шексе де, Мәсіх жайлы уағыздарын қоймағандары үшін елшілер «нақұрыс тақуалар» деп өсектелетін. Құдайға бағышталғанымыз үшін солай болып көрінгені. Ал іс жүзінде есіміздің дұрыс екендігі сендерге тиімді.

14 Мәсіхтің сүйіспеншілігі бізді алға басуға мәжбүр етеді. Себебі мынадай қорытындыға келдік: бір Адам бәрі үшін өлгендіктен барлығы да рухани өлді.5:14 Яғни бір Адам бәрі үшін өлгенде Оған сенушілердің барлығына да өлім жазасы жүзеге асты (5:15; Рим 6:6-7; Ғал 2:20; Қол 3:3).15 Мәсіхтің бәрі үшін өлгендігінің мақсаты мынау: жаңа өмірге ие болғандар енді тек өздері үшін ғана тіршілік етпесін, қайта, Мәсіхке бағышталып өмір сүрсін! Ол солардың игілігіне бола жанын құрбан етіп, өлімнен қайта тірілді ғой.

16 Ендеше ешкімге адам тұрғысынан қарамаймыз. Бұрын біз Мәсіхке солай қарағанмен, қазір олай етпейміз. 17 Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!5:17 Немесе: Ескі тіршілігі (яки өмір салты) ғайып болып, енді бәрі де жаңа (5:14-16; Жох 3:5; Тит 3:5; Рим 6:4-14; Еф 4:22-24).

Адамдарды Құдаймен татуластыру қызметі

18 Осының бәрі де Құдайдың ісі. Ол бізді Мәсіх арқылы Өзімен татуластырып, бізге басқаларды Өзімен татуластыру қызметін аманаттады. 19 Құдай адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды, енді олардың күнәларын мойындарына артпай, татуласу туралы Ізгі хабарды жариялауды бізге тапсырды. 20 Осылайша Мәсіхтің өкілдеріміз, біз арқылы Құдайдың Өзі адамдарға ескертеді. Мәсіхтің атынан: «Құдаймен татуласыңдар!» — деп өтінеміз. 21 Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық.5:21 Яки: Құдайдың алдында әділ болдық.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também