17 Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!5:17 Немесе: Ескі тіршілігі (яки өмір салты) ғайып болып, енді бәрі де жаңа (5:14-16; Жох 3:5; Тит 3:5; Рим 6:4-14; Еф 4:22-24).
Адамдарды Құдаймен татуластыру қызметі
18 Осының бәрі де Құдайдың ісі. Ол бізді Мәсіх арқылы Өзімен татуластырып, бізге басқаларды Өзімен татуластыру қызметін аманаттады. 19 Құдай адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды, енді олардың күнәларын мойындарына артпай, татуласу туралы Ізгі хабарды жариялауды бізге тапсырды.