Теріс жолмен жүргендердің ықпалынан арылу
14 Сенбейтіндермен қоян-қолтық бірге жүріп, жаман ниеттеріне ортақтаспаңдар!6:14 Немесе: Сенбейтіндермен бірге «бір қамытты кимеңдер»! Себебі әділдік пен заңсыздық арасында ортақ не бар? Яки жарық пен түнек қалай тығыз байланыста тұрмақ? 15 Мәсіх пен белияр6:15 Демек, зұлымдық. (Әзәзіл шайтан кейде солай аталады: Пат1 2:12.) (шайтан) арасында ынтымақ бола ала ма? Мәсіхке сенуші мен сенбейтіннің арасында ортақ не бар?