Pular para o conteúdo
Publicidade

Шежірелер 2-ж. 27

Яһуда елінің жеңімпаз патшасы Жотам

1 Жотам патша болған кезде жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде он алты жыл билік жүргізді. Жотамның шешесінің аты-жөні Садық қызы Еруша болатын. 2 Әкесі Ұзиях (алғашқыда) істегендей, Жотам да Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді. Бірақ ол әкесі сияқты еркінсіп Жаратқан Иенің киелі үйіне кірген емес.27:2 26:16. Ал халық жексұрын қылықтарын27:2 Пат4 12:4; 15:35. бұрынғысынша жалғастыра берді.

3 Жотам Жаратқан Иенің ғибадатханасының Жоғарғы қақпасын қайта салғызып,27:3 23:20. қала қамалының Опел төбесіндегі27:3 (33:14; Нех 3:26-27) «Дәуіттің шаһары» деп аталған көне қорған сол төбеде орналасқан еді. бөлігін жөндеп, нығайтып, көп жұмыстар істеді. 4 Патша мұның үстіне Яһуда елінің таулы аймағында бірнеше қалалар салғызып, орманды жерлерінде қамалдар мен күзет мұнараларын27:4 14:7; 26:10,15. тұрғызды.

5 Бірде Жотам Аммон патшасына27:5 20:1,22-23. қарсы соғысып, жеңіске жетті. Сол жылы аммондықтар оған алым-салық ретінде жүз ат басындай күміс, он мың қаптан бидай мен арпа төледі. Екінші, үшінші жылы да олар осылай істеді. 6 Жотам сиынған Құдайы Жаратқан Иеге адал болып, Оның жолымен жүргендіктен соншама күшті болды.27:6 26:5.

7 Жотамның қалған іс-әрекеттері мен соғыстарының бәрі «Солтүстік Исраил мен Яһуда патшаларының кітабында» баяндалған. 8 Жотам патша болған кезде жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде он алты жыл билік жүргізді. 9 Жотам көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Оның ұлы Ахаз орнын басып патша болды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também