10 Сондықтан да, бауырластарым, Құдайдың өздеріңді меншікті халқы болуға шақырып, таңдап алғандығын өмірлеріңмен нық бекітуге1:10 Яки: таңдап алғанын (өмірлеріңде сол қасиеттерді жетілдіріп) баянды етуге (Пет1 1:2; Жақ 2:17-18; Флп 2:12-13; Жох 15:5-10,16). ынтамен ұмтылыңдар! Егер солай істесеңдер, ешқашан да тура жолдан тайып кетпейтін боласыңдар. 11 Осылайша сендерге Иеміз бен Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің мәңгілік Патшалығының «қақпасы» айқара ашылып, оған емін-еркін кіресіңдер.1:11 Евр 10:19-25; Аян 2:7; 22:14.
Publicidade