11 Бар дүние осылайша құрып кететіндіктен, сендер қандай болуларың керек? Жүріс-тұрыстарың Тәңір Иеге бағышталып, қасиетті де Оған ұнамды болуға тиіс! 12 Себебі сендер Құдайдың алдын ала белгілеген күнін сағына күтіп, оны тезірек келтіргілерің келеді.3:12 Елш 3:19-20; Мат 6:10; Яһд 1:11. Сол күні аспан өртеніп құрып, дүниенің құрамдас бөліктері оттың жалынында балқып кетеді. 13 Ал біз Құдайдың уәдесіне сай әділдік орнаған жаңа аспан мен жаңа жердің пайда болуын күтудеміз.3:13 Иш 65:17; 66:22; Аян 21:1,5.
Publicidade